Жапонияда өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы кездесуінде АҚШ-қа есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионаты 16-28 шілде аралығында Жапонияда өткізіледі. Дүбірлі дода биыл он алтыншы мәрте жалауын көтерді.

Еліміздің ерлер құрамасы А тобында АҚШ, Австралия, Грекиямен сынға түседі.

Қазақстандық су добының шеберлері 17 шілдеде АҚШ құрамасымен кездесті. Кездесуде олар қарсыласына 5:18 есебімен жеңіліп қалды.

Енді қазақстандық спортшылар 19 шілдеде Грекия, 21 шілдеде Австралиямен шеберлік байқасады.

Ел құрамасына биыл тоғызыншы мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары жетістігі - 1998, 2015, 2017 жылдарда алған 11 орын.

Сондай-ақ, су добынан әлем чемпионатында еліміздің әйелдер құрамасы сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Испания, Израиль және Нидерланд.