Әлемнің үшінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның гонорары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның үздік теннисшісі жақында Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, соның арқасында ол 340 мың фунт стерлинг, бүгінгі бағаммен есептегенде 197 миллион 880 мың теңге табыс тапты.

Жүлде қоры 11,2 пайызға өскендіктен, Уимблдонның жаңа чемпионы Маркета Вондроушова Еленадан көп табыс тапты. Чехиялық теннисші 2,35 миллион фунт сыйақы алды, қазақстандық спортшы былтыр 2 миллион фунт алған.