Алматыда өткен OCTAGON SELECTION 23 кешінде екі қазақстандық файтер кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жастағы дебютант Қанат Баймұрат пен 21 жастағы Келжан Бақтияров (0-1) ең жеңіл салмақта жекпе-жек өткізді.

Жекпе-же аса тартысты басталды. Эпизодтардың бірінде Бақтияров бірнеше дәл соққы жасай алды, бірақ дебютант оған төтеп берді. Бұл кездесуде Қанат Баймұрат нокаутпен жеңіске жетті.

OLIMPBET бонустары мен акциялары

Айта кетейік, 22 шілдеде Алматыда OCTAGON 47 турнирі өтеді.Турнирдің басты додасында қазақстандық Бекзат Алмахан (15-1) бразилиялық файтер Матеус Глориямен (12-1-1) кездеседі.