«Жеңіс» футбол клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Алмас Сапарғалиев «Алтайға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, 29 жастағы ойыншы биылғы маусым басынан бері «Жеңіс» сапында өнер көрсетті. Бірінші лигада 6 ойынға және Қазақстан кубогында 3 матчқа қатысты.