«Ди-Си Юнайтед» бас бапкері Уэйн Руни Лионель Мессиге МЛС-те өнер көрсету оңай болмайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ол үшін бәрі дайындалып қойды. Оның жанына барлық достары келді! Бускетс пен Жорди Альба «Интер Майамимен» келісімшарт жасасты, оларға Иньеста мен Луис Суарес те қосылуы мүмкін. Оның үстіне қазір Мессидің өзіне ұнайтын және сенетін бапкері бар.

Мессиді МЛС-ке алып келу, әсіресе Сауд Арабиясында болып жатқан жағдайды ескере отырып, бұл күшті.

Бұл жерде оған оңай болмайды. Мұнда келген футболшылар бұл лиганың қиын екенін түсінеді. Көшу, әртүрлі қалалардағы әртүрлі жағдайлар, жігерлі және қарқынды футбол », - деп келтіреді Уэйн Рунидің сөзін The Times.