Хоккейден Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін ташкенттік «Хумо» тараптардың өзара келісімі бойынша қақпашы Денис Каратаевпен келісімшартты бұзғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денис биылғы маусымаралық кезеңде ташкенттік клубтың ойыншысы атанған, келісімшарт 7 маусымда жасалған.

23 жастағы Өскемен түлегі өткен маусымды «Сарыарқа» сапында өткізген.

Қақпашы Қазақстан тұрақты чемпионатында 24 ойынға қатысқан болатын. Сондай-ақ, ол Универсиадада Қазақстан құрамасы сапында екі матчта өнер көрсеткен.