Артур Хайруллиннің «Хайрулин Live» телеграм-арнасы «Барыстың» жаңа ойыншысы Джозеф ЛаБейт қанша жалақы алатынын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Дереккөзге сүйенсек, команданың жаңа ойыншысы жылына 26 миллион рубль алады, бұл бүгінгі бағам бойынша 127 миллион 920 мың теңге. Канадалық хоккейшімен келісімшарт 2024 жылғы 30 сәуірге дейін жарамды.

Ойыншы ҰХЛ-да 13 матч өткізген. Джозеф өткен маусымда «Чикаго Вулвз» сапында өнер көрсетті. АХЛ тұрақты маусымында 53 ойынға қатысып, 22 (11+11) ұпай жинады.