Лионель Мессиді «Интер Майами» ойыншысы ретінде таныстыру КОНКАКАФ Алтын Кубогының финалындағы үзіліс кезінде өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпаратты ұйымның басшысы Виктор Монтальяни хабарлады.

Кубок финалы аясында Мексика мен Панама кездеседі, ойын 17 шілде күні таңертең Астана уақытымен таңғы 5:30-да өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін «Интер Майами» әлеуметтік желіде аргентиналық шабуылшының ауысқанын растайтын видео жариялаған болатын.