Қазақстандық «Барыс» командасының Құрлықтық хоккей лигасы алдағы маусымындағы ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық клуб алғашқы ойынын 2 қыркүйекте елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді.

Одан кейін 4 қыркүйекте ресейлік тағы бір команда «Сибирь» командасын қабылдайды.

Ал 7 қыркүйекте Новосібірде «Сибирьмен» тағы бір мәрте кездессе, 9, 11 қыркүйекте сырт алаңда ресейлік «Авангард» (Омбы), «Динамо» (Мәскеу) клубтарымен шеберлік байқасады. «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңіндегі соңғы ойынын 2024 жылдың 26 ақпанында елордада «Сибирьмен» өткізеді.