Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Римде (Италия) өткен турнирдің жұптық сайысында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құламбаева белорус Юлия Готовкомен дуэтте финалда колумбиялық Юлиана Лисарасо/Мария Паулина Перес Гарсия жұбын жеңді - 6:4, 6:4. «Челленджердің» жүлде қоры 60 000 доллар болды.

Бұған дейін турнирде Жібек Құламбаева мен Юлия Готовко да келесі жұптарды ұтты: Анна Роджерс (АҚШ) / София Севинг (АҚШ) - 6:3, 6:1, Дебора Кьеса (Италия) / Джорджия Педоне (Италия) - 6: 3, 6:1, Дия Евтимова (Болгария) / Марин Парто (Франция) - 6:4, 6:2.