Испаниялық теннисші Карлос Алькарас пен серб Новак Джокович Уимблдон-2023 финалында кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

ATP рейтингінде Алькарас бірінші орында, ал Джокович екінші орында.

Opta мәліметінше, бұл 2015 жылдан бері бірінші рет әлемнің үздік екі ракеткасы Уимблдон финалында кездеседі.

Сегіз жыл бұрынғы шешуші кездесуде Джокович пен Роджер Федерер осы мәртебеде кездескен. Ол кезде Джокович (No1) Федерерді (No2) 7:6, 6:7, 6:4, 6:3 есебімен жеңді.