Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Зальцбург (Аустрия) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге финалда үндістандықтар Анируд Сандрасекар – Виджай Сундар Прашантпен чемпиондық атаққа таласты.

Бірінші партияда қазақстандық-украиналық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Содан кейін екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта А.Голубев пен Д.Молчанов 4 эйспен бірге 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйспен шектелді.