«Вест Хэм» ресми сайтында жартылай қорғаушы Деклан Райстың кеткенін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб футболшының трансфері ұлыбританиялық ойыншылар арасында рекорд болатынын айтты.

Келісімнің басқа мәліметтерін «Вест Хэм» жарияламады. Ойыншы «Арсенал» ауысады деген ақпарат бар.

Райс «Вест Хэм» түлегі. Жалпы, 24 жастағы жартылай қорғаушы клуб сапында 245 ойын өткізіп, 15 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Лондондық клубпен бірге футболшы 2023 жылы Конференция лигасының жеңімпазы атанды.