«Жетісу» футбол клубы украиналық жартылай қорғаушы Иван Брикнерді қатарға қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы талдықорғандық клуб ресми мәлімдеді.

30 жастағы ойыншы мансабын «Скала» және «Покрова» клубтарында бастаған. 2012-2021 жылдар аралығында түрлі украиналық командалар сапында («Львов», «Авангард», «Рух» және т.б.) доп тепті.

2022 жылы Қазақстанға келіп, «Жетісуға» қосылды. Кейін «Оқжетпеске» ауысқан, енді жетісулық клубқа қайта оралды.