Қазақстандық теннисші Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге Зальцбургтегі турнирдің жұптық сайысында финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдық кездесуде Голубев пен Молчанов Н.Качич (Сербия)/В.Корняны (Румыния) жеңді.

Матч 6:2, 7:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, финалда Андрей Голубев пен Денис Молчанов В.Прашант (Үндістан) / А.Сандрасехар (Үндістан) жұбына қарсы ойнайды.