Сербиялық теннисші Новак Джокович Уимблдонның жартылай финалында италиялық Янник Синнерді ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 6:3, 6:4, 7:6 есебімен әлемнің 2-ракеткасының пайдасына шешілді. Кездесудің ұзақтығы 2 сағат 47 минутты құрады.

Финалда Джокович АТР-ның 1-ші Карлос Алькарас пен әлемнің 3-ші ракеткасы Даниил Медведев арасындағы кездесудің жеңімпазына қарсы ойнайды.