Швециялық бапкер Роберт RobbaN Дальстрем FaZe Clan командасынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клуб баспасөз қызметі әлеуметтік желіде хабарлады.

RobbaN FaZe Clan сапына 2016 жылы қосылған.

Айта кетейік, ол 2019 жылы клуб менеджері қызметіне ауысып, 2021 жылы бапкерлікке оралған болатын. Онымен бірге FaZe Clan IEM Katowice 2022, ESL Pro League Season 17, IEM Cologne 2022 және басқа да бірқатар беделді турнирлерде жеңіске жеткен еді.