«Әл-Иттихад» бас бапкері Нуну Эшпириту Санту «Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Фабиньо Энрикені командасына қосқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, португалиялық маман бразилиялық жартылай қорғаушысының трансферін талап етіп отыр.

Дереккөздің мәліметінше, «Ливерпуль» Фабиньоның трансфері бойынша әлі ресми ұсыныстар алған жоқ. «Әл-Иттихад» әзірге келісімшарттың жеке талаптарын келісу үшін футболшының айналасындағылармен ғана хабарласқан.

Бұған дейін «Ливерпуль» қазанда 30 жасқа толатын Фабиньоны сатуға қарсы емес екені белгілі болған. «Әл-Иттихад» сапында Кәрім Бензема мен Н'Голо Канте сияқты жұлдызды ойыншылар өнер көрсетеді.