«Хонкамен» матчтан кейін «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Самат Жарынбетов пікір білдірді.

- Біріншіден барлық жанкүйерді жеңіспен құттықтаймын. Бүгін стадионда жақсы атмосфера болды, осы үшін алғыс айтқым келеді. Біз олардың қолдауын сезіндік.

Ал матчқа келсек, оңайға түскен жоқ дер едім. Құдайға шүкір, жеңіске жеттік. Бірінші таймда екі команданың да мүмкіндігі болды. Бірақ екінші таймда басымдық бізге көшті. Мильян екі бірдей әдемі гол соқты, оны да, команданы да құттықтаймын. Біз лайықты жеңіске жеттік деп ойлаймын. Жігіттер бапкер тапсырмасын орындауға барынша тырысты. Бірақ, тағы да қайталаймын, ойын оңай болған жоқ, ал финдермен кездесу алдында біз барымызды салып дайындаламыз.