Қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тобылдың» бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы Финляндия чемпионатының қола жүлдегері «Хонка» болды.

Бірінші ойын Қостанайда өтті. Алаң иелері матчты белсенді бастағанымен, есепті қонақтар ашты. 39-минутта Лукас Кауфманн гол соқты.

Ал екінші таймда қостанайлықтар жеңісті жұлып әкете алды. 62-минутта Милян Вукадинович таразы басын теңестірсе, 75-минутта дубль жасады.

Ойын соңына дейін алаң иелері үшінші голды соғуға тырысты, дегенмен шабуылдарын пайдалана алмады. Қорытынды есеп - 2:1.

Енді қарымта матч 20 шілдеде Финляндияда өтеді.

Конференция лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі. Алғашқы матч

«Тобыл» (Қостанай) - «Хонка» (Финляндия) 2:1 (0:1)

Голдар: Кауфманн 39, Вукадинович 62, 75

13 шілде. Қостанай. Орталық стадион.