Қазақстандық Тимофей Скатов жұптық сында Брауншвейг (Германия) челленджер турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші испаниялық Карлос Табернермен бірге екі кездесуін сәтті өткізді.

Қазақстандық-испаниялық жұп алдымен италиялықтар Франко Агаменоне – Франческо Пассароны 4:6, 7:5, 14:12 есебімен тізе бүктірді.

Т.Скатов пен К.Табернер бүгін ширек финалда белоруссиялық Иван Лютаревич – украиналық Владислав Манафовпен шеберлік байқасып, тартысты бәсекеде 0:6, 7:6 (7:3), 11:9 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық-испаниялық дуэттің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Т.Скатов жекелей сында екінші айналымда ливандық Бенджамин Хассаннан айласын асыра алмады – 4:6, 6:3, 3:6.