Украиналық маман Олег Солодовник «Астана» футзал клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

56 жастағы маман Қазақстанда 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Алғашында жаңаөзендік «Мұнайшыны» жаттықтырды. Одан кейін 2016-2020 жылдар аралығында «Ақтөбе» тізгінін ұстады.

2020 жылы күзде оралдық «Бәйтеректің» бапкері атанды, онда 2022/2023 жылғы маусымының соңына дейін жұмыс істеді.