Monte ұжымы CS:GO командасының құрамы өзгергенін хабарлады, қатарға Александр br0 Бро қосылды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады.

Өзгеріс нәтижесінде Мухаммед BOROS Малхас командадан кетіп, Falcons Esports-ке қосылды, ал бұған дейін Astralis жастар командасында ойнаған br0 енді Monte сапында бақ сынайды.

Monte жаңарған құрамы биыл 26 шілде мен 6 тамыз аралығында Германияның Кельн қаласында өтетін IEM Cologne 2023 турниріне қатысады. Жарыстың жүлде қоры бір миллион доллар.