Сан-Диего қаласында (АҚШ) КОНКАКАФ алтын кубогының жартылай финалдық кездесуі өтті, онда Панама құрамасы АҚШ құрамасын пенальти сериясында 5:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі және қосымша уақыт тең аяқталды (1:1). АҚШ сапында Хесус Феррейра, Панама сапында Иван Андерсон гол соқты.

Финалда Панама футболшылары Мексика – Ямайка кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.