Қазақстандық теннисші Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге Зальцбургте өтіп жатқан турнирдің жұптық сайысында екінші айналымға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ашылу кездесуінде Голубев пен Молчанов австралиялық Д.Тейлор/М.Ромиос жұбын жеңді.

Жекпе-жек 6:7, 7:6, 10:5 есебімен аяқталды.

Андрей Голубев пен Денис Молчанов жартылай финалға шығу үшін Н.Вальднер (Австрия) / П.Гольдштайнер (Австрия) жұбына қарсы ойнайды.