Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігі Премьер-лиганың 15-туры аясындағы «Қызылжар» – «Тобыл» кездесуін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы «Тобыл» футбол клубының УЕФА конференциялық лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты өтінішін қарап, «Қызылжар» футбол клубының тиісті келісімін алып, матчты кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Қазақстан чемпионатының XV туры «Қызылжар» - «Тобыл» 2023 жылғы 16 шілде мен 27 қыркүйек аралығында», - делінген ҚКФЛ хабарламасында.