Беларусь жартылай қорғаушысы Павел Забелин «Тобылмен» 2024 жылдың соңына дейін келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Забелин – Гродно қаласындағы Неманның шәкірті. 2011 жылдан бастап осы клубтың дубльінде ойнады. 2013 жылғы маусымда ол қосалқы құрамда өзін танытып, көп ұзамай капитан болды. 2014 жылы ол негізгі құрамға тартыла бастады. 2014 жылдың 14 қыркүйегінде Жоғарғы лигадағы дебютін өткізді.

2017 жылдың қаңтарында ол Неманмен маусым алдындағы дайындықты бастады, онымен ақпан айында жаңа үш жылдық келісімшартқа қол қойды.

Жартылай қорғаушы жақында Салигорсктың «Шахтер» клубында ойнады.

2015 жылдың 15 сәуірінде Беларусь жастар құрамасы сапында Украинаға қарсы жолдастық кездесуде алғашқы ойынын өткізді.