Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Брауншвейгте (Германия) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда отандасымыз бразилиялық Тьяго Уайлдтан үш сетте 6:4, 4:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу екі сағат 24 минутқа созылды.

Келесі айналымда Уайлд Даниэль Мазур (Германия)/Федерико Кория (Аргентина) жұбының жеңімпазымен кездеседі.