«Манчестер Ситидің» жұлдызды жартылай қорғаушысы Бернарду Силваға әлі де Сауд Арабиясы Әл-Хилалдың қызығып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы CBS Sports журналистері хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, саудиялық клубтың өкілдері ағылшын тарапына Бернардтың трансфері үшін рекордтық 70 миллион еуро төлеуге дайын екендіктерін айтқан.

28 жастағы португалдық жартылай қорғаушы 2017 жылдан бері «Сити» сапында ойнайды. Тараптар арасындағы еңбек шарты 2025 жылдың ортасына дейін есептелген.

Бернардо өткен маусымда «Манчестер Сити» сапында 52 ойынға қатысып, жеті гол соғып, алты нәтижелі пас берді.