«Серый CARDINAL» Telegram-арнасы ҚКФЛ жалпы жиналысының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«ҚКФЛ жалпы жиналысының қорытындысы бойынша ҚПЛ-2024-ке қатысатын командалардың ағымдағы санын сақтау туралы шешім қабылданды. Тағы бір маңызды шешім: Бірінші лигаға екі емес, үш команда ұшады. Көбісі көтеріледі. ҚПЛ-да қалу үшін талас қыза түседі», - деп жазады дереккөз.

Еске салайық, ҚПЛ-2023 турниріне 14 клуб қатысуда. Бұған дейін қатысушылар саны 16 командаға дейін ұлғаюы мүмкін екені хабарланған болатын.