«Шахтёр» футбол клубы қазақстандық қорғаушы Дінмұхаммед Қашкенмен келісім-шартқа отырды.Дінмұхаммед Қашкен біздің командамызға литвалық «Жальгирис» футбол клубынан келді. Бұған дейін 23 жасар қорғаушы мадридтік «Атлетико» мен тағы бір испандық клуб «Касабланка» сапында ойнаған. Қазақстанда Дінмұхаммед елордалық «Астана», талдықорғандық «Жетісу», қызылордалық «Қайсар» және «Ақтөбе» сынды клубтарда доп тепкен.Димаш Қазақстан жастар құрамасы құрамында 11 кездесу өткізген. Ұлттық құрамада — 1 ойын.Кеншілер сапына қош келдің, Дінмұхаммед!