Қарағандыға үлкен футзал қайта оралуда және 2023/24 маусымына қарағандылық «Тұлпар» қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, «Тұлпар» ХҚК – 2001 жылы Смотрицкий Анатолий Моисеевич негізін қалаған қарағандылық клуб. Клубтың бас бапкері Әміржан Мұқанов болса, оның көмекшісі Леонид Кравченко болды. Ұзақ жылдар бойы клуб Қазақстан құрамасының ойыншыларының негізгі жеткізушісі болды: Есенаманов, Кнауб, Нұрғожин, Пенгрин, Таку, Довган, Першин, Мун, Гребанос.

Қаржы мәселесіне байланысты клуб 2016 жылы чемпионаттан шығып қалды, бірақ Смотрицкий жұмысын тастамай, жастарды тәрбиелеуді жалғастырды, нәтижесінде ел чемпионатында осындай ойыншылар шықты: Мадияров, Черномордов, Алин, Кукумбаев Апсалямов, Клинов, Барашев, Аншаков, Дәрібай.

Қарағандыда соңғы бір-екі айда команда болуы мүмкін деген хабар қызу тарады. Тіпті, Каканың облыс әкімімен кездесуге ұшып кеткені де белгілі. Бірақ клуб бола ма, жоқ па ол соңына дейін белгісіз еді. Сондай-ақ, команда «Тұлпар» емес, «Шахтер» футбол клубының құрамындағы футзал клубы болады деген ақпарат болды.