Оралдық «Ақжайық» «Атыраудан» Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Мұқағали Пангерейді жалға алады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

19 жастағы Пангерей оралдық клубта «лимитші» позициясын нығайтуға шақырылған.

Ағымдағы маусымда ол «мұнайшылар» сапында чемпионатта 4 және кубокта 2 ойын өткізді.

Еске салайық, Пангерей 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы сапында 7 матчқа қатысқан.