Ғалымжан Кенжебектің өкілдері ФНЛ және РПЛ клубтарымен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Кенжебек қазіргі трансфер кезеңінде алматылық клубтан кетуі мүмкін. 20 жастағы жартылай қорғаушының агенттері оны бірнеше ресейлік ФНЛ және РПЛ клубтарына ұсынды, бірақ ойыншыға деген айтарлықтай қызығушылық әлі жоқ.

Алматылық клуб шәкіртін тегін жіберуге дайын емес.

Ғалымжанды Қазақстан жоғары лигасының басқа клубына жалға беруі мүмкін.

Биылғы маусымда Ғалымжан ҚПЛ-да 7 матчқа қатысты, сонымен қатар ел кубогында екі ойын өткізді.