«Мақтаарал» футбол клубына беларусьтік жартылай қорғаушы Антон Шрамченко ауысып келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы атакенттік команданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 30 жастағы ойыншы жаңа командасына еркін агент ретінде ауысып келді.

Бұған дейін ол солигорскілік «Шахтерде» ойнаған. Осы маусымда Шрамченко Беларусь Премьер-лигасында 12 матчқа қатысып, 3 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.