«Құлагер» хоккей клубы жаңа маусымға арналған дайындық жоспарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Петропавлдық команда 12 шілдеде демалыстан оралады, содан кейін олар медициналық тексерістен өтіп, жаттығуға кіріседі. Мұз айдынына 30 шілдеде шығады.

9 және 10 тамызда «Құлагер» Петропавлда «Горнякпен» бақылау кездесулерін өткізеді.

14 тамызға Көкшетауда «Арланмен» жолдастық кездесу жоспарланған.

22 тамызда Ильгиз Нұреев шәкірттері Қазақстан кубогы аясындағы алғашқы ойынын өткізеді.