«Ордабасы» футбол клубы жартылай қорғаушы Думан Нәрзілдаевпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы шымкенттік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Думан Нәрзілдаев бұған дейін «Қайсар» және «Каспий» командаларында ойнаған. Ол осы маусымда Премьер-лигада 12 ойын өткізді.

TransferMarkt порталы ойыншының трансферлік құнын 250 000 еуроға бағалайды.