«Барселона» қазір қайта жөндеуге жабылған «Камп Ноу» стадионының көгалын сатады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каталониялық клубтың өкілдері бриллиант өндіретін компаниямен келісімшартқа отырды. «Камп Ноудан» алған шөпті карбонизация жұмыстарын жүргізуге қолданады.

Бұл келісім «Барселонаға» жылына 30 миллион еуроға жуық табыс әкелуі мүмкін. Келісімшарттың шарттары белгісіз.