Еуразиялық жекпе-жек лигасы Алматыда өтетін OCTAGON 47 турнирінің негізгі кездесуін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің ко-мейн ивентінде қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев (14-5) пен бразилиялық Алан Силва (12-7-1) кездеседі. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді. Ол Бразилия мен Қазақстан арасындағы текетірестің бір жекпе-жегі болады.

Еске салайық, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Бекзат Алмахан (15-1) мен тағы бір бразилиялық Матеус Глория (12-1-1) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 46 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink