Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Барыстың» 21 жастағы шабуылшысы Аңсар Шайхмедденов карьерасын жалғастыру нұсқалары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Нұсқалар бар. Әлі де ойланып, шешім қабылдап жатырмыз. Уақыт көрсетеді. «Барыс» ұсыныс жасады, бірақ ол маған ұнамайды. ҚХЛ-дың басқа клубтарына ауыса алмаймын. Еуропадан және АҚШ-тан ұсыныстар бар. Кейбіреулерінен бас тарттым. Қалай болғанда да, мен даму мен прогрессті дұрыс көремін», - деді хоккейші.

Аңсар Шайхмедденов «Барыс» сапында екі маусым ойнады. ҚХЛ-дың 2022/23 тұрақты маусымында ол 53 ойын өткізіп, үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.