Паулу Бенту БАӘ ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

54 жастағы португалиялық маман БАӘ футбол федерациясымен 3 жылға келісімшарт жасасты.

Бентуның соңғы жұмыс орны Оңтүстік Корея құрамасы болды (2018-2022).

Бұған дейін ол «Олимпиакос», «Крузейро», Португалия құрамасы және «Спортингті» басқарған.