Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC 290 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде Александр Волкановски жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғап, Яир Родригесті нокаутқа түсірді.

Турнирдің екінші маңызды жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы UFC титулы сарапқа салынды: қазіргі чемпион Брэндон Морено Александр Пантожеден жеңіліп қалды.

Айта кетейік, UFC 290 жаңа рекорд орнатты. Промоушен тарихында алғаш рет 4 жекпе-жек 1 минутқа да созылмады.