«Ювентус» шабуылшысы Душан Влахович туриндік клубтан қай жағдайда кететінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

La Gazetta dello Sport мәліметінше, футболшы Чемпиондар лигасында ойнайтын клубқа ғана ауысуға дайын. Одан бөлек, сербке жаңа командасы негізгі құрамда ойнайсың деп кепілдік беру қажет.

23 жастағы шабуылшының клубпен келісімшарты 2026 жылдың маусымына дейін есептелген. Жақын арада ол «Ювентус» клубының спорттық директоры Криштиану Джунтолимен кездесіп, оның болашағын талқылайды.