Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Брауншвейгте (Германия) өтіп жатқан ATP Challenger Tour турнирі іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің жартылай финалында отандасымыз жергілікті теннисші Марк Маядарвзичті екі сетте 3:6, 4:6 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 6 минутқа созылды.

Турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алу үшін Евсеев Альваро Лопес Сан Мартин (Испания) - Янаки Милев (Болгария) жұбының жеңімпазымен кездеседі.