Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (әлемнің 26-ракеткасы) «Уимблдон» турнирінің 1/4 финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз 1/8 финалда ресейлік Андрей Рублевтен (7-орын) 7:5, 6:3, 6:7 (6:8), 6:7 (5:7), 6:4 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу 3 сағат 19 минутқа созылды.

1/8 финалға шыққаны үшін Александр Бублик 240 120 еуро сыйақы мен 180 рейтингтік ұпайға ие болды.

Айта кетейік, биылғы Уимблдон жүлде қоры 18 649 320 еуро. Турнир жеңімпазы 2 726 000 еуро сыйақы алып, 2 000 рейтингтік ұпай жинайды.