Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (әлемнің 26-ракеткасы) «Уимблдон» турнирінің 1/4 финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз 1/8 финалда ресейлік Андрей Рублевтен (7-орын) 7:5, 6:3, 6:7 (6:8), 6:7 (5:7), 6:4 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу 3 сағат 19 минутқа созылды.

Ширек финалда Андрей Хуберт Хуркач (Польша) — Новак Джокович (Сербия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Уимблдон-2023 турнирі Ұлыбританияда 3-15 шілде аралығында өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 44,7 миллион фунт стерлингтен асады.