Бүгін, 9 шілдеде «Үлкен дулыға» турнирінің төртінші раундында қазақстандық теннисші Александр Бублик ресейлік Андрей Рублевпен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек Астана уақытымен сағат 18:30-да басталып, МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы көре аласыздар.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің төртінші айналымына шықты.

Еске салайық, Уимблдон-2023 негізгі жарыстары Ұлыбританияда 2023 жылдың 3-15 шілдесі аралығында өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 44,7 миллион фунт стерлингтен асады.