Ауыр салмақта UFC чемпионы, 35 жастағы америкалық Джон Джонс 2023 жылғы «Жыл жауынгері» номинациясында ESPY сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биыл Джон Джонс бір ғана жекпе-жек өткізді. Кеше, 8 шілдеде UFC президенті Дана Уайт 11 қарашада UFC 295 турнирінде Джон Джонс пен Стип Миочич арасындағы жекпе-жек өтетінін ресми түрде жариялады. Жекпе-жек кеші Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Джонс осы жылдың наурыз айында Сирил Ганға қарсы кездесуде сол кезде бос болған UFC белбеуін жеңіп алды. Бұл оның ауыр салмақтағы дебюті болды. Джонс бұрын жеңіл салмақтағы UFC чемпионы болған. Ол өз мансабында аралас жекпе-жектен барлығы 29 жекпе-жек өткізген. Оның 27-сінде Джонс жеңіп, бір рет жеңілді.