Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде 262-орын) Блумфилд-Хиллзде (АҚШ) өтіп жатқан Челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/2 финалда Кукушкин америкалық теннисші Сандгренмен (240) кездесіп, 4:6, 1:6 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, кездесу 1 сағат 24 минутқа созылды.

Финалда қазақстандық тәжірибелі америкалық Стив Джонсонға (219) қарсы шығады.