9 шілдеде Лас-Вегаста UFC 290 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Александр Волкановски Яир Родригеспен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің тағы бір басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпион Брэндон Морено мен Алешандре Пантожа күш сынасады.

Турнирді толығымен UFC Fight Pass және Setanta Sports сайтынан көруге болады. Бастапқы кардтың басталуы Астана уақытымен 06:00-ге жоспарланған.